Гимнастика және жүзу кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы

 
 

Жүзу мамандығы бойынша оқытушылар

57252352 Ермаханова Амина Бахитовна

Гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі

PhD докторы, оқытушы,

Әртістік жүзуден ХДСШ

2018 жылдан бастап гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі,  PhD докторы, әртістік жүзуден ХДСШ. Жазғы Азия ойындарының 2 дүркін қола жүлдегері, Азия Чемпионатының 3 дүркін қола жүлдегері, Қазақстанның абсолютті чемпионы, су спорты түрлерінен әлем чемпионатының финалисі. Қазақстан Республикасының әртістік жүзуден штаттық ұлттық құрама командасының құрамында команда капитаны болды. 25-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.

ҚР ҒЖБМ 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жобасының «Су спорты түрлерінен спорттық резервін даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді жетілдіру мен техникалық дайындықтарын арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу»  тақырыбы бойынша ИРН AP09260551 жетекшісі.

Оқытатын пәндері: Жүзу мамандығы бойынша сабақтар өткізеді, ғылыми жетекшілік етеді (бакалавриат, магистратура).

Ақпарат бойынша байланыс: amina.yermakhanova@mail.ru

623hj Нурмуханбетова Динара Кенжеевна

Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, оқу-әдістемелік бөлім проректоры, жоғары ұлттық санаттағы төреші. 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Д.К. Нұрмұханбетова Қазақ дене шынықтыру институты жүзу кафедрасының оқытушысы, Академияның аға оқытушысы, доценті, гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі, олимпиадалық спорт факультетінің деканы – тәрбие және бұқаралық спорт жөніндегі проректоры (2011-2014 дейін), содан кейін ҚазСТА-ның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорына (2014 ж. бастап) дейінгі жолдан өтті. 40-тан астам ғылыми жұмыс жариялады, 6 электрондық оқулықтың, 10 оқу құралының авторы және 6 авторлық куәлігі бар. ҚР БҒМ “Үздік оқытушы 2009”, “Үздік оқытушы 2020” байқауларының жеңімпазы.

ҚР ҒЖБМ 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жобасының «Су спорты түрлерінен спорттық резервін даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді жетілдіру мен техникалық дайындықтарын арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу» тақырыбы бойынша ИРН AP09260551 тобының мүшесі болып табылады.

ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім РОӘК мүшесі, “педагогикалық ғылымдар” бағыты бойынша ОӘК мүшесі, “дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау” ББТ бойынша ОӘК төрағасы. Болон процесі және ҚР ҒЖБМ академиялық ұтқырлық орталығының “дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау” БББ тобының сарапшысы.

Оқытатын пәндері: магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік етеді.

Ақпарат бойынша байланыс: dinarank@mail.ru

Вагизов Олег Мирсаяхович Вагизов Олег Мирсаяхович

2021 жылдан бастап гимнастика және жүзу кафедрасының аға оқытушысы,

Жүзуден Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жаттықтырушылық тәжірибесі 1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.

Оның жетекшілігімен 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Баландин Дмитрий, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рекордсмендері, 20-дан астам ҚР спорт шеберлері даярланды.

Оқытатын пәндері:  1 және 3 курс студенттерімен мамандандырудан сабақтар жүргізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: vagizov.ata@mail.ru

62341hj Шестопалов Владимир Алексеевич

 КазСТА доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Академияда 1998 жылдан бастап кафедра доценті, спорт жөніндегі вице-президент, ҚазСТА спорт клубының директоры болып жұмыс істеген. Еуропа чемпионы, КСРО Кубогының иегері, 72 дүркін чемпионы және КСРО мен ҚР бірнеше дүркін рекордшысы. ГЦОЛИФК жанындағы жаттықтырушылардың жоғары мектебінде оқу курсынан өтті, Сиднейдегі жазғы Олимпиада ойындарында жүзуден ҚР Ұлттық құрама командасын басқарды. КСРО, Азия және Қазақстан чемпиондарының тәрбиеленушілері бар. “ҚазИФК Құрмет” кітабына енгізілген.

Оқытатын пәндері: Жүзу мамандығы бойынша студенттермен оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді

Ақпарат бойынша байланыс: shestopalov@kazast.kz

Иванов Анатолий Яковлевич Иванов Анатолий Яковлевич

Аға оқытушы, КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының түлегі. 1976 жылы Қазақстан Республикасының жүзу бойынша құрама командасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Осы кезеңде КСРО-ның 30-дан астам спрот шеберлерін дайындады. 1977 жылы ҚазКСР “еңбек сіңірген жаттықтырушысы” атағын алды, 1979 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, 1982 жылы “ҚазКСР білім министрлігінің үздігі” белгісімен марапатталған.

2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Штаттық ұлттық командасының бас жаттықтырушысы болып жұмыс істеді және осы уақыт ішінде Азия чемпионатының жүлдегерлерін дайындады. 2006 жылы”Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері” атағы берілді

Мамандандыру бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: ivanov@kazast.kz

743512hj Бухарбеков Бауыржан Бахытұлы

Магистр, аға оқытушы, кафедрада кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты. Жүзу бойынша жұмыс бағдарламаларын әзірлеуші,  жүзу мамандандыруы бойынша жалпы курс студенттерінде мемлекеттік тілде сабақтар өткізеді. Ғылыми, жаттықтырушылық және қоғамдық қызметті сәтті үйлестіреді. Болгарияда докторантурада оқиды.

Оқытатын пәндері: жүзуден мамандандыру бойынша және жалпы курс студенттеріне сабақ өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: bukharbekov@kazast.kz; bukharbekov81@mail.ru

Гусаков Илья Вячеславович Гусаков Илья Вячеславович

Аға оқытушы, мамандандыру бойынша сабақтар жүргізеді. Жүзуден спорт шебері.

20-дан астам ғылыми жарияланымдары бар. Жүзу бойынша ҚР құрама командасының бас бапкері.

ҚР ҒЖБМ 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жобасының «Су спорты түрлерінен спорттық резервін даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді жетілдіру мен техникалық дайындықтарын арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу» тақырыбы бойынша ИРН AP09260551 тобының мүшесі болып табылады. “Үздік оқытушы 2023”. Өзінің авторлық әдістемесі бойынша сабақтар жүргізеді.

Оқытатын пәндері: жүзуден мамандандыру бойынша және жалпы курс студенттеріне сабақ өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: gussakov@kazast.kz; gussakov09@gmail.com

Гильмутдинова Марина Юрьевна Гильмутдинова Марина Юрьевна

 Қазақстан Республикасының аға оқытушысы, еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің бірінші жаттықтырушысы, Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының түлегі. Жалпы курс студенттерімен “жүзу” пәні бойынша сабақтар өткізеді.

Оқытатын пәндері: жүзуден жалпы курс студенттеріне сабақ өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: gilmutdinova@kazast.kz

Ногаев Бакытжан Туркенұлы Ногаев Бакытжан Туркенұлы

Аға оқытушы, жүзуден практикалық сабақтар жүргізеді. 25 тен астам ғылыми еңбегі жарық көрді.

Түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибесі бар.

Ауған соғысының қатысушысы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Кеңесінің интернационалистер істері жөніндегі комитетінің төрағасы Р.С. Аушевтің алғыс білдірген ауған халқынан “интернационалист жауынгерге” медаліне ие.

Сайдалин И Сайдалин Ильяс Алматович

Гимнастика және жүзу кафедрасының жаттықтырушы-әдіскері.

Білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін бірқатар жоғары наградалар мен ерекшелік белгілерінің иегері. Оның марапаттары қатарында:

  • ҚР “Әл-Фараби атындағы I Халықаралық олимпиада” белгісі және 2020 жылғы сертификат.
  • ҚазСТА – дан “Үздік студент-2020” дипломы.
  • “Үздік жас ғалым – 2021” төс медалі және I дәрежелі диплом.
  • 2022 жылғы “Үздік студент” төс медалі.
  • IV Халықаралық кітап басылымдары байқауында I дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, Сайдалин И. халықаралық және республикалық конференцияларға белсенді қатысады, 20-дан астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы. Ол сондай-ақ жүзуден спорт шебері атағына ие.”

Гимнастика мамандығы бойынша оқытушылар

5236hj Жуманова Алия Султангалиевна

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми және диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы. 2014-2018 жылдар аралығында гимнастика және жүзу кафедрасын басқарды. ҚазИФК аспирантурасының бірінші жиынтығының түлегі (1993), оны бітіргеннен кейін кандидаттық диссертациясын бірінші болып сәтті қорғады. Орталық Азиядағы бірінші докторлық диссертациялық кеңестің, халықаралық конгрестер мен конференциялардың ғылыми мақалалар жинағының, академияның ОӘК-нің ғалым хатшысы, көркем гимнастика теориясы мен әдістемесі, фитнес-аэробика саласындағы 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы, спорт мектептері мен интернаттарға арналған көркем гимнастика бойынша үлгілік және оқу бағдарламаларының авторы. 1 санатты жоғары білікті жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие. Тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасы чемпионаттарының, кубоктарының, спартакиадаларының, топтық және жеке біріншіліктегі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған,  академияның көркем гимнастикадан балалар секциясының негізін қалаушы.

Оқытатын пәндері: студенттерде гимнастика мамандандыруы бойынша сабақтар өткізеді, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға сабақтар мен ғылыми басшылық жүргізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: alis005@mail.ru

Чимиров Хаки Яхьярович Чимиров Хаки Яхьярович

кафедраның құрметті меңгерушісі, КазСТА профессоры, доцент, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1998-2016 жылдар аралығында Қазақстан жастар құрамасының ҚПО жаттықтырушысы, Футболдан премьер лига командаларында жұмыс істеді.

Оқытатын пәндері: Мамандандыру бойынша, сондай-ақ жалпы курс студенттерінде оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: chimirov@kazast.kz

13634hj Ракишев Тлеугазы Хамзаұлы

Аға оқытушы, КазСТА профессоры, “Гимнастика” пәні бойынша мемлекеттік тілде, сондай-ақ қазақ және орыс бөлімдерінде мамандандыру және оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді. Гимнастика бойынша мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік құралдардың авторы. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тапсырысы бойынша 2002 жылы жұмыс тобының құрамында қазақ-орыс және орыс-қазақ терминологиялық сөздігін дайындады.

Оқытатын пәндері: мамандандыру бойынша, сондай-ақ жалпы курс студенттеріне сабақ өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: khamzanovich@bk.ru

Макогонов Александр Николаевич Макогонов Александр Николаевич

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

1968 жылдан бастап оқытушылық қызмет атқарады, 200-ден астам ғылыми жарияланымдары, патенттері мен авторлық құқықтары бар. Сондай-ақ, 2011 жылдан бастап дене шынықтыру және спорт университеттерінің халықаралық қауымдастығының директоры. 

Оқытатын пәндері: мамандандыру бойынша сабақтар өткізеді, дипломдық жұмыстарға, магистранттар мен докторанттарға жетекшілік етеді.

Ақпарат бойынша байланыс: makogonov@kazast.kz

136246hj Омурзакова Людмила Мироновна

Аға оқытушы, академияда 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде мамандық бойынша, “гимнастика” пәні бойынша дәрістер, практикалық және әдістемелік сабақтар өткізеді, кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына жауапты оқытушы, ғылыми жарияланымдардың авторы, қоғамдық жұмыстарды орындайды, Академия оқытушыларымен және қызметкерлерімен сауықтыру фитнесі бойынша сабақтар өткізеді.

Оқытатын пәндері: мамандандыру бойынша, жалпы курс студенттеріне сабақ, сондай-ақ өндірістік практика өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: l.omurzakova@mail.ru

Калиева Карлыгаш Керимжановна Калиева Карлыгаш Керимжановна

Аға оқытушы, Спорттық гимнастикадан КСРО-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорттық акробатикадан КСРО спорт шебері. Кафедрада 2022 жылдан бастап жұмыс істейді, қазақ және орыс бөлімдерінде “Гимнастика” пәнінен сабақ береді. БЖСМ-мен, сондай-ақ американдық гимнастика клубтарымен жаттықтырушы ретінде жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі бар.

Оқытатын пәндері: жалпы курс студенттеріне сабақ өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: olimp_gimnast@mail.ru

Кожаков Нуртас Коспанұлы Кожаков Нуртас Коспанұлы

Оқытушы, ХДСШ, ҚР чемпионы, Спорттық гимнастикадан Азия чемпионы, РГУФКСМиТ аспиранты. Жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде “гимнастика” пәні бойынша мамандандыру бойынша мемлекеттік тілде практикалық және әдістемелік сабақтар өткізеді, кафедраның ПОҚ біліктілігін арттыруға жауапты оқытушы.

Оқытатын пәндері: мамандандыру бойынша, жалпы курс студенттеріне сабақ, сондай-ақ педагогикалық практика өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: nurtas_18kz@mail.ru

Тен Валихан Анатольевич Тен Валихан Анатольевич

Пауэрлифтингтен Еуропа чемпионы, бодибилдингтен ҚР чемпионы, пауэрлифтингтен екі дүркін әлем және Азия чемпионы, WorldClass (Мәскеу), InterSport (Мәскеу), Nike (Алматы) конвенцияларының тұсаукесері, Les Mills сертификатталған нұсқаушысы, бірнеше мәрте Ironman, «Другой ты!» кітабының авторы. Кітап «Манн, Иванов және Фербер» баспасынан жарық көрді және 2015 жылы ТМД елдерінде ең көп сатылымға ие болды.

“Almaty Triathlon Federation” ҚБ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, WPF ресми өкілі. World Class Almaty бас директоры. 2019 жылдан бастап Алматы қаласы әкімінің спорт бойынша штаттан тыс кеңесшісі. «Другой ты» Челлендждің негізін қалаушы, мультиспорттық арнаның қамқоршылар кеңесінің мүшесі.

2023 жылдан бастап Фитнес және рекреация, фитнес және рекреацияның медициналық-биологиялық негіздері пәндері бойынша ҚазСТА оқытушысы.

Утешов Жарас Кисашевич Утешов Жарас Кисашевич

 Гимнастика және жүзу кафедрасының оқытушысы.

Мектепте үлкен практикалық тәжірибесі бар. Гимнастика пәні бойынша сабақтар, сондай-ақ 3 курс студенттерімен мектепте педагогикалық практика өткізеді.

Оқытатын пәндері: жалпы курс студенттеріне сабақ, сондай-ақ педагогикалық практика өткізеді.

Ақпарат бойынша байланыс: zharas150668@icloud.com

Лизункина Лариса Васильевна Лизункина Лариса Васильевна

аккомпаниатор, кафедрада шамамен 30 жыл жұмыс істейді.

 

Close