Футбол кафедрасы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жыл сайын ғылыми үйірме мәселелері бойынша кездесулерден басталады.

Кафедра барлық студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту бойынша жұмыс жүргізеді, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін және студенттердің ғылыми жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдарын ұйымдастырады.

 

Ғылыми үйірме отырысында келесі мәселелер талқыланады:

  • кафедра студенттерінің ғылыми үйірмелері мүшелерінің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • кафедра студенттерінің ғылыми зерттеулерін жоспарлау;
  • студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларын, конкурстарын, көрмелерін ұйымдастыру
  • кафедра студенттерінің облысаралық студенттердің ғылыми шығармашылығы конференцияларына қатысуын ұйымдастыру
  • студенттердің түрлі ғылыми гранттар мен инновациялық жобалар конкурстарына қатысуы
  • Әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
  • Академияның «Жылдың үздік студенті» байқауына кафедра студенттерінің қатысуын ұйымдастыру.

 

  Ғылыми үйірме келесі тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізеді:

– Жеке клубтарда футболды оқытудың теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелері.

– спорт мектебінің оқу-жаттығу процесіндегі футболшылардың спорттық дайындықтың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін жетілдіру;

– Дайындық кезеңдерінде жас футболшылардың физикалық қасиеттерін дамыту және анықтаудың заманауи әдістері және т.б.

Close