СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Құрметті білім алушылар!!!
Оқу туралы анықтама алу электрондық форматқа ауысуына байланысты, өтінішті келесі нұсқау бойынша тапсыруларыңызды сұраймыз:
Студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО) – іс қағаздарын тиімді, сапалы жүргізу, академия студенттеріне жедел қызмет көрсету, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша бақылау. СҚКО – академия әкімшілігі мен оның студенттері арасындағы диалогтың жаңа форматтағы құрылысы.
СҚКО-ның басты мақсаты – клиенттік-бағытталған тәсіл негізінде сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсету.
СҚКО қызметінің принциптері:
- Ұсынылатын ақпараттың құпиялылығы;
- Сенім негізіндегі ынтымақтастық;
- Мәселелерді шешудегі объективтілік;
- Сенімді ақпарат беру.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
- СҚКО бойынша бірыңғай ақпараттық деректер базасын құру;
- Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша электрондық қызмет көрсету;
- Ресми транскрипт беру;
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтамалар беру (академиялық анықтама), (мемлекеттік қызмет);
- ЗТМО және басқа да ұйымдарға ұсыну үшін – білім алуы туралы анықтама беру;
- Диплом телнұсқасын (дубликат) қосымшасымен беру (мемлекеттік қызмет);
- Құжаттардың түпнұсқаларын беру (ЖОО бітіргеннен кейін);
- Академиялық демалыс беру (академиялық демалыстан шығу), (мемлекеттік қызмет);
- Ауыстыру, қайта қабылдау және транскрипттерді беру;
- Академиялық берешекті жою (жазғы семестр, қосымша оқыту)
- Пәндерді, кредиттерді қайта есептеу;
- Т.А.Ж. ауыстыру;
- Қайта аттестаттауға жіберу;
- Қайта емтихан тапсыру (FX бағасын алған жағдайда);
- Е-gov электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алуға студенттерге көмек көрсету және кеңес беру.
Қызметкерлер тізімі:
М.Н. Нығмет, Г.Е. Есенбаева – академияның СҚКО мамандары.
Байланыс мәліметтері:
Алматы қ., Абай көш, 85
Телефон: +7 (727) 292-20-21
Мекен жайы: бас оқу ғимараты № 214, 2 қабат.
Электрондық мекен-жайы: umokazast@mail.ru