КӘСІПҚОЙ СПОРТ ЖӘНЕ ЖЕКПЕ-ЖЕК ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет тарихы КазСТА ректоры, профессор К.К.Закирьяновтың бастамасымен және Академияның озық оқытушысының бірі, Қазақстандағы ең бірінші КСРО еңбегі сіңірген жаттықтырушысы,  профессор М.У.Хванның қатысуымен 1999 жылы таеквондо кафедрасының құрылуынан басталды

Факультет құрылуының негізгі кезеңдері:

1999-2000 оқу жылында таеквондо кафедрасы құрылды. Содан соң, 2000 жылы 26 маусымда екі кафедрадан құралған шығыс жекпе жек және жауынгерлік өнер факультеті құрылды.

2000 жылдан 2017 жылдың тамыз айына дейін факультетті педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Болдырев Борис Наумович басқарды. 2004-2017жылдар  аралығында деканның орынбасры қызметін Адильбекова Раиса Анваровна атқарды.

2001 жылы Академиядағы бірқатар өзгерістерге байланысты, факультет құрлымы да өзгеріп «Жекпе-жек және жауынгерлік өнер» факультеті болып аталды. Оның құрамына үш кафедра кірді- таеквондо, күрес және ұлттық спорт түрлері, және де бокс және жауынгерлік өнер.

2003 жылдың қантар айынан бастап факультет құрлымына тағы да өзгерістер енгізілді. Факультетті ары қарай оңтайландыру мақсатында 2002 жылдың 27 желтоқсандағы Ғылыми Кенестің шешімімен «Кәсіпқой спорт және жекпе-жек» болып өзгертілді.

Құрлымдық бөлімдердің жұмысын оңтайландыру мақсатында КазСТА президентінің бұйрығымен 2020 жылы 15 шілде күні  «күрес» және «ұлттық спорт түрлері»кафедралары біріктірілді.

Қазіргі таңда факультеттің құрамында:күрес және ұлттық спорт түрлері;бокс, ауыр атлетикажәне шығыс жекпе-жеккаферларары бар. Осы кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы дене шынықтыру мұғалімдері мен келесі спорт түрлері бойынша мамандар дайындығымен айналысады: ұлттық спорт түрлері, қазақ күресі, спорттық күрес түрлері – еркін, грек-рим, самбо, дзюдо және де шығыс жекпежектері- таеквондо, карате, кикбоксинг, тайбокс, джиу-джитсу, бокс, ауыр атлетика, армлестлинг, гір спорты.

декан

Факультет деканы Конакбаев Бакытбек Мухаметханович

2004 жылы күрес кафедрасының түлегі, КазСТА қызыл дипломмен бітірді. 2008 жылы КазСТА күрес кафедрасының оқытушысы қызметіне қабылданды. 2015 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп,педагогикалық ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. Оқытушылық жұмысы кезінде күрес кафедрасы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып, оқу-әдістемелік жұмысына жауапты болды. 2016 жылы КазСТА «Ең үздік жас оқытушысы»номинациясымен марапатталды.

ТАЙМАНОВА

Факультет деканның орынбасары Тайманова Ақнұр Жоракуловна

 2010 жылы году закончила  М.Х. Дулати атындағы  Тараз Мемлекеттік  университетті бітірді. 2013 жылы  КазСТА оқу-әдістемелік бөлімінің маманы қызметіне қабылданды. 2018 және 2020 аралығында кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультетінің әдіскері болып жұмыс істеді. 2020 жылдын шілде айынан бастап факультет деканының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Әдіскерлер

МЕТОДИС2

Науразбаева Анель Абылкасымовна

МЕТОДИСТ

Данышпан Назерке

тел. +7 (727) 292-78-29, fpsie_kazast@mail.ru

Close