ШАҚЫРТЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР

ҚазСТА-дағы білім беру және ғылыми үдерістердің интернационалдандырылуын арттырудың негізгі индикаторларының бірі – дәріс оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, PhD докторанттарына шетелдік ғылыми жетекшілердің жетекшілік етуі, ғылыми іс-шараларға қатысу үшін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тарту.

ҚазСТА-да шетелдік ғалымдарды академияның әріптес университеттерімен және қажеттілігімен алдын ала келісім бойынша тарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Ғалымдарды тарту Академияның профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби дамыту мақсатында, сондай-ақ әртүрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кеңес беру үшін жүзеге асырылады.

Соңғы оқу жылдарында келесі ғалымдар шақырылды:

  1. Ulrich Hartmann (Ульрих Хартман)– Лейпциг университетінің профессоры, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;
  2. Ronald Maughanжәне Susan M Shirreffs – Әулие Эндрюс университетінің профессорлары (Ұлыбритания) «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;
  3. Платонов Владимир Николаевич және Булатова Марина МихайловнаУкринаның ұлттық дене шынықытыру және спорт университетінің профессорлары.
  4. Мехмет Гюоглу Gazi университетінің профессоры (Түркия Республикасы) «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;
  5. Любовь Скавронская – Griffith университетінің PhD Докторы, Квинсленд «Туризм» мамандығы.
  6. Смоленский А.В. – Ресей мемлекеттік дене шынықытыру, спорт, жастар және туризм университетінің профессоры (Москва қ.);
  7. Гунина Л.М. – Ұлттық допингке қарсы орталықтың профессоры (Украина).
  8. Дусенко С.В. –Ресей мемлекеттік дене шынықытыру, спорт, жастар және туризм университетінің профессоры (Москва қ.), «Туризм» мамандығы.
Close