ЖАЗҒЫ СЕМЕСТР

Жазғы семестр академиядағы оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және академиялық күнтізбеге сәйкес қосымша білім беру мақсатында; академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін оқу, орташа баллды (GPA) арттыру және басқа білім беру ұйымдарының студенттері кредиттерді игеру үшін ұйымдастырылады.

Жазғы семестрдің ұзақтығы – 6 апта, оның 5 аптасы теориялық оқу, 1 аптасы қорытынды бақылау (емтихан аптасы) болып табылады.

Жазғы семестр барлық студенттер үшін (ақылы негізде оқитын студенттер үшін де, білім гранты иегерлері үшін де) ұйымдастырылады.

Кейбір жағдайларда ректордың бұйрығымен екінші жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі.

Жазғы семестрге тіркеуді Офис-тіркеуші бітіруші курстан басқа барлық курстардың студенттері үшін ұйымдастырады.

Жазғы семестрде 20 кредит игеруге  рұқсат етіледі.

Жазғы семестрде оқу тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

Жазғы семестрдің нәтижесі бойынша студенттердің қорытынды бағасы қайта есептеледі.

Жазғы семестрге қатысатын студенттердің санаттары:

– емтихан сессияларының нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған;

– қайта оқу курсына қалдырылған;

– рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша емтихан тапсыруға рұқсат берілмеген;

– қайта қабылдау, басқа ЖОО-дан ауысу және академиялық демалыстан оралу кезінде академиялық айырмашылықтары бар;

– қажетті курстан курсқа көшу балы жетіспейтін;

– қосымша пәндерді игеруге тілек білдірген;

– басқа ЖОО-ның студенттері.

Деканат студентке академиялық қарызсыз келесі курсқа ауыстырылған жағдайда қосымша курстарды оқу үшін жазғы семестрге қатысу құқығын береді.

Жазғы семестрге қатысу үшін құжаттарды рәсімдеу тәртібін студенттің өтініші немесе факультет деканының ұсынуы негізінде Офис-тіркеуші бөлімі жүзеге асырады.

Close