КІТАПХАНАСЫ
Қазақ Спорт және Туризм Академия кітапханасы 1945 жылы құрылды. Оның негізін қалауға Дене Шынықтыру және Спорт Институтының кітап қоры себеп болды. Қазіргі таңда кітапхана қоры 381 107 дана. Бұл жерде дене шынықтыру және спортқа, туризмге арналған басылымдар, диссертациялар мен авторефераттар, спорттық-педагогикалық және әдеби кітаптар бар. Мемлекеттік тілде – 161 517 дана.
Қазақ Спорт және Туризм Академия кітапханасы – бұл интеллектуалды-хабарламалық орталық, ең бірінші кітапхана міндеті ол ғылыми және оқу әдістемелік әдебиеттермен және хабарламалармен мейлінше көп оқырмандарды қамтамасыз ету.
Университет кітапханасы – белсенді дамып келе жатқан, жетілдірілген құрылым болып табылады және де электронды толықмәтінді ресурстар қорын құруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді; бұл жерге академия профилі бойынша электронды басылымдар, мақалалар мен басқа да материалдардың электрондық көшірмелері, оқулықтар мен оқу басылымдарының электрондық нұсқалары енгізілген. Сондай-ақ мерзімді басылымдардағы толықмәтінді мақалаларды «ҚазСТА Бұқаралық Ақпарат Құралдары» электронды жинағынан көруге болады.
Кітапхана процестерін автоматтандыру ҚАКАЖ (Қазақ Автоматтандырылған Кітапхана-Ақпараттық Жүйе) кітапхана бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Кітапхана құрылымында – абонемент, оқу залы, мерзімді басылымдар залы, ғылыми зал, кітап сақтау қоры, автоматтандырылған кітап өңдеу залдарымен қамтылған.
Кітапхана ҚР-ның жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының мүшесі болып табылады және бірлескен жобаларды жүзеге асыра отырып, ҚР-ның жоғары оқу орындарының ірі кітапханаларымен белсенді ынтымақтасады; кәсіби қоғамдастықтың түрлі конференциялары мен семинарларының жұмысына қатысады.
Кітапханада ай сайын «Хабарлама күні» өтіп тұрады, «Жаңа әдебиеттер» бюллетені шығарылады.
Оқырмандар сайтта жаңа жинақтардың виртуалды көрмелерімен, оқытушы құрамның еңбектерімен және сирек кездесетін кітаптармен таныса алады.
Кітапхана жұмыс кестесі:
Күнде – 8.30 дан 18.00 дейін
Сенбі – 9.00 ден 14.00 дейін
Жексенбі – демалыс
Кітапхана телефоны: 8(727)292 20 56
Электронды адрес: biblioteka_kaz_ast@mail.ru