Без рубрики

Қазақ спорт және туризм академиясының 75 жылдығына және Жастар жылын қолдау аясында студенттер арасында бокстан ҚазСТа ашық біріншілігі өтті.

        Ақпан айының 6-8 күндері аралығында  Қазақ спорт және туризм академиясының 75 жылдығына және Жастар жылын қолдау аясында студенттер арасында бокстан ҚазСТа ашық біріншілігі өтті.
Жарыстың бас хатшысы халықаралық дәрежедегі  AIBA төрешісі Бараев Хамит Әубәкірұлы болды.  Жарысқа 9 команда,  52 студент қатысып, 43 жекпе-жек өткізілді.
Қатысқан командалар: Республикалық спорт колледжі, АУЭС, Іле ауданы, Aidar Classic БК, Шелек колледжі, Алматы Автомеханикалық колледжі, Гепард БК, Республикалық мамандандырылған Олимпиядалық резерв Шаңырақ спорт-интернат мектеп колледжі және ҚазСТа студенттері.
Жалпы командалық есеп бойынша Қазақ спорт және туризм академиясы 1-орынға ие болды. «Ең үздік бокшы» болып Академиямыздың  2 курс студенті Шәріпханов Жарас және Республикалық мамандандырылған Олимпиядалық резерв Шаңырақ спорт-интернат мектеп колледжінің бокшысы Ерубек Асқар танылды. Жарыс AIBA ережесіне сай жоғарғы деңгейде өтті. «Үздік төреші» атағын бокс және ауыр атлетика кафедрасының оқытушысы, 3 жұлдызды AIBA төрешісі Қасымханов Берікбол алды. Жарыс қонақтары ҚРЕСЖ, бокстан КСРО шебері Мұрат Сиқымбаев, Академиямыздың түлегі ХДСШ екі дүркін ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ күміс жүлдегері Құрамысов Бекболат, КСРО спорт шебері, КСРО-ға Еңбегі сіңген жаттықтырушы AIBA төрешісі  Борис Семенұлы болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.

8 (1) 1 - копия 2 - копия3 - копия 5 - копия 6 - копия

Close