Қазақ спорт және туризм академиясы және Түрікмен мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институты дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылында 24–25 қараша күндері Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың Қазақстан Республикасы, Астана қаласына мемлекеттік сапары өтті. Сапар барысында екі ел арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды. Түрікменстан Президенті мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары деңгейдегі келіссөздері біздің елдеріміз арасындағы бауырластық қатынастар мен стратегиялық әріптестіктің кезекті дәлелі болды.
Осы сапар аясында түрікмен делегациясының қазақстандық әріптестерімен кездесуі өтті, нәтижесінде «Қазақ спорт және туризм академиясы» КЕАҚ мен Түрікмен мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институты арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Мәдени-гуманитарлық салада, соның ішінде ғылым, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт бағыттарында ынтымақтастықты кеңейту жөнінде қол жеткізілген келісімдер жаңа бірлескен білім беру бағдарламаларын және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға кең мүмкіндіктер ашады.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және екі ел арасында заманауи білім беру бастамаларын ілгерілетуге, білікті кәсіби кадрлар даярлауға одан әрі мүмкіндік ашады.
Қазақстан–Түрікменстан ықпалдастығының нығаюы озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге, мамандар даярлаудың инновациялық әдістерін жетілдіруге және Орталық Азиядағы өзара байланыстарды одан әрі дамытуға маңызды ықпал етеді деп сенеміз.

WhatsApp Image 2025-11-27 at 17.49.55

WhatsApp Image 2025-11-27 at 17.49.55 (1)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма