Қазақ спорт және туризм академиясында «SPORT. CONSULTING. FORUM.» қоғамдық бірлестігін құру жөніндегі құрылтай конференциясы өтті

Жаңа құрылған ұйым мемлекеттік органдардың, Ұлттық олимпиадалық комитеттің немесе спорт федерацияларының қызметін алмастырмайды. Керісінше, ол отандық спорттың дамуына ғылыми-әдістемелік платформа ретінде өз үлесін қосуды мақсат етеді. Негізгі міндет – спортқа бейімі бар дарынды балаларды ерте жастан анықтап, олардың қабілетін жүйелі түрде бақылап, заманауи ғылыми тәсілдер арқылы үлкен спортқа бағыттау, – деп өз сөзінде академия Президенті, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов атап өтті.
Аталған іс-шараға мемлекеттік органдардың, спорт ұйымдарының өкілдерімен қатар, Қазақстанның даңқты спортшылары – Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары қатысты. Олардың қатарында спорттық гимнастикадан бес дүркін Олимпиада чемпионы Нелли Ким, шаңғы жарысынан Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов, футболдан Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Ислам Байрамуков пен Демеу Жадыраев бар.
Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті, Халықаралық дене тәрбиесі және спорт университеттері қауымдастығының президенті, профессор Қайрат Закирьянов қазіргі спортта ғылым мен жаңа технологиялардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті.
«Ғылыми тәсіл, болашағы зор балаларды жүйелі бақылау және деректер базасын қалыптастыру – мұның барлығы жаңа чемпиондардың шығуына негіз болады», – деді ол.
Өз кезегінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков спортты насихаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Спортты насихаттау өте маңызды. Мен мектепте оқып жүргенде асхана мен спортзалдың ортасында “Чемпиондар аллеясы” деген тақта болатын. Онда олимпиада чемпиондарының суреттері ілініп тұратын. Мен күн сайын сол суреттерге қарап, үлкен қызығушылықпен шабыт алатынмын. Уақыт өте келе мен де үлкен мақсат қойдым. Балалық арманым орындалып, Олимпиада жүлдегері атандым. Сондықтан бүгінгі балалардың спортқа, жеңіске деген қызығушылығын арттыру үшін насихатқа ерекше мән беру қажет», – деді И. Байрамуков.
Конференция барысында спортшыларды даярлаудың жаңа моделін қалыптастыру мәселесі де кеңінен талқыланды. Стратегиялық мақсат ретінде 2044 жылы, Қазақ спорт және туризм академиясының 100 жылдық мерейтойына орай, елімізде әлемнің жетекші орталықтарымен бәсекеге қабілетті заманауи білім беру және спорттық ғылыми база құру міндеті қойылды.
Кездесу соңында даңқты спортшылар академия студенттерімен жүздесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жүздесу – жас буынға бағыт-бағдар беріп, үлкен спортқа бастар жолда сенім мен жігер сыйлаған тағылымды сәтке айналды.
DSC09996

DSC09967

DSC09863

DSC09706

DSC09650

DSC09608

DSC09467

DSC09407

DSC09401

DSC09390

DSC09006

DSC08967 (1)

DSC08942

DSC08926

DSC08916

DSC08866

DSC08733 (1)

DSC08708 (1)

DSC08666

DSC08593

DSC08578

DSC08571

DSC08525

DSC08437

DSC08386

DSC08364

DSC01839

DSC01628

DSC01563

DSC01514 (2)

DSC01490

DSC01488 (2)

DSC01463

DSC01345

DSC01297

DSC01063

DSC00973

DSC00907

DSC00890

DSC00624

DSC00468

DSC00372

DSC00313

DSC00229 (1)

DSC00156

DSC00018

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма