
2025 жылғы 24 қарашада сағат 15:00–16:30 аралығында 302-кабинетте Алматы қаласы бойынша ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілінің қатысуымен «Дипфейктер және жаңа қатерлер» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шара барысында білім алушылар ең көп таралған қаржылық тәуекелдермен, онлайн-алаяқтық түрлерімен, жеке деректерді қорғау тәсілдерімен және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық қағидаларымен танысты. Дәріс жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және киберқауіпсіздік дағдыларын дамытуға бағытталды. Спикер: Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 3-тергеу басқармасының тергеушісі – Айтова Айгерім Ермекқызы.










Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма