Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ МИХАИЛ ШАЙДОРОВҚА «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КЕНТАВРЫ» ОРДЕНІ ТАБЫСТАЛДЫ

21 қараша күні Қазақ спорт және туризм академиясында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы, Академия студенті Михаил Шайдоровпен салтанатты кездесу өтті.

Іс-шара барысында Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов Михаил Шайдоровқа жоғары спорттық жетістіктері үшін «Ұлы даланың Кентавры» орденін салтанатты түрде өз қолымен табыстады.

Кездесуге Академия басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер қатысып, XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісімен Михаилді шын жүректен құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанау сайысында қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Бұл жеңіс отандық спорт тарихындағы айтулы оқиғаға айналды. Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан араға 32 жыл салып Олимпиада алтынына қол жеткізді.

Олимпиада чемпионының Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуы – біз үшін ерекше мақтаныш. Оның жетістігі – мақсатқа ұмтылудың, табандылықтың, қайсар мінез бен өз ісіне деген адалдықтың жарқын үлгісі. Сонымен қатар жас спортшыларға үлкен шабыт беретін өнеге.

Кездесу барысында Михаилге алдағы спорттық жолында толағай табыстар, жаңа жеңістер мен халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтата беруіне тілектестік білдірілді. Сондай-ақ Қытайда өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиада алдында сәттілік тілеп, қолдау сөздері айтылды.

Қазақ спорт және туризм академиясы өз студентімен мақтанады, оның жеңісіне ортақтасып, Михаил Шайдоровқа алдағы уақытта да толағай табыстар, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейді!

Михаил, сені мақтан тұтамыз! Сен – біздің мақтанышымыз әрі келер ұрпаққа үлгісің!

DSC07670

DSC07681

DSC07687

DSC07699

DSC07721

DSC07728

DSC07743

DSC07994

DSC08005

DSC08038

DSC08048

DSC08133

DSC08152

DSC08183

DSC08193

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖