Без рубрики
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСТІРУ – КОНСУЛЬТАТИВТІК ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

Қазақ спорт және туризм академиясында Үйлестіру-консультативтік ғылыми кеңес (ҮКҒК) жұмыс істейді, оның міндеті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысты мәселелерді қарау, сондай-ақ докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін бақылау және талдау болып табылады.
2025 жылдың сәуір-мамыр айларында жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептеріне арналған ҮКҒК отырыстары өткізілді.
Хаттамалық шешіммен «Дене шынықтыру және спорт» және «Туризм» магистратурасы түлектерінің ғылыми-зерттеу есептері қабылданып, магистрлік диссертацияларды алдын ала қорғауға ұсынылды. Сондай-ақ 1, 2, 3 курс магистранттары мен докторанттарының зерттеу есептері талқыланып, қабылданды. Жеке тақырыптар бойынша мақсаттарға, міндеттерге және зерттеу әдістеріне түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.