
Қазақ спорт және туризм академиясының бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жегі кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы, доцент Талғар Мұхтарұлы Ахмадиев ардагерлер арасында всестильді каратэден «ката» бағдарламасы бойынша өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Дүбірлі дода 2026 жылдың 2–10 қарашасы аралығында Ресейдің Орёл қаласында өтті.
Талғар Мұхтарұлын жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!






