Без рубрики

2023 жылғы 5-11 маусым аралығында Испанияның Гранада қаласында ғылыми жоба шеңберіндегі ғылыми тағылымдама туралы есеп

 

 

Гимнастика және жүзу кафедрасы

 

Өткен аптада АР09260551 “Су спорты түрлерінде спорт резервін даярлауды психологиялық-педагогикалық  жетілдіру және техникалық даярлықты арттыру бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды әзірлеу” СРН гранттық қаржыландыру жобасы бойынша жеке ғылыми тағылымдама шеңберінде Қазақ спорт және туризм академиясы (Қазақстан) мен Гранада университеті (Испания) делегациясының кездесуі өтті.

Гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі Ермаханова Амина Бахитовна және кафедраның аға оқытушысы Гусаков Илья Вячеславович  профессор, PhD докторы Рауль Арейано Коломинамен өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын жетілдіру үшін бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Спорт ғылымдары факультетіне, кітапханаға, кафедраға және су спортында бейнеанализ жасау үшін биомеханика саласындағы жаңа технологиялармен жабдықталған Aquatics Lab зертханасына барды. Сондай-ақ, халықаралық бөлім өкілдерімен кездесіп, екі тарап келесі оқу жылына арналған перспективалық іс-шараларды анықтады.

Close