Без рубрики

«Фитнес и рекреация» білім беру бағдарламасы

 

 

«Фитнес және рекреация» білім беру бағдарламасы жаңа бағдарлама. Білім беру бағдарламасының мақсаты – озық инновациялық технологияларды ғылыми-тәжірибелік қызметпен ұштастыра отырып,  фитнес  және реакреация саласында білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету.

Салауатты өмір салтын ұстанатын мамандар мен фитнес жаттықтырушылары  тек білім, біліктілік және құзіретіліктер мен ғана емес нағыз сапалы маманға тән кәсіб дағдыларды да меңгереді. Оларға:

  • қақтығыссыз қарым-қатынас пен тиімді дағдылар;
  • қарым-қатынастың вербальды немесе вербальды емесі түрлері қолдана алуы;

–  салауатты өмір салтын ұстанушылардың ізгі ниет атмосферасын құру және  жақсы нәижеге ынталандыру мүмкіндігі:-  т.б

     «Фитнес и рекреация» білім беру бағдарламасы  бойынша нені меңгереді:

Кәсіби-тәжірибелік дайындық цикліне мыналар кіреді: заманауи фитнес технологиялары, аэробты фитнес бағдарламалары, күшті қажет ететін  фитнес бағдарламалары, психикалық фитнес, функционалдық фитнес, заманауи рекреациялық технологиялар, сауықтыру туризмі және бағдарлау, сауықтыру ойындары, көпшілікке  арналған технологиялар және жаттығулар.  Білім алған соң меңгерген әсіби дағдылары танысу, оқу және өндірістік практикадан өту кезінде бекітіліп, қалыптасады.

Жұмысқа тұру мүмкіндігі:

– оқу орындарында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде;- мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, денсаулық негіздері пәнінің мұғалімі;-қоғамдық және мемлекеттік басқару ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша кеңесші (маман);-  дене шынықтыру-сауықтыру дене шынықтыру бойынша әдіскер ретінде;- спорт клубтарында, сауықтыру лагерлерінде фитнес жаттықтырушысы, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы және т.б.

«Фитнес и рекреация» білім беру бағдарламасының болашағы:

Қазіргі даму кезеңінде денсаулық құндылық категориясы ретінде үлкен маңызға ие. Мамандардың айтуынша, бұл үрдіс бұқаралық ақпарат құралдарында халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, тиісті әлеуметтік бағдарламалар мен ережелердің қабылдануы, фитнес-клубтар, сауықтыру орталықтары желісінің қарқынды кеңеюі және т.б. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, фитнес нарығы 15-20% -дан аспайды. Бұл білікті кадрлардың – фитнес жаттықтырушылардың тапшылығы мәселесін туғызады.

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close