Без рубрики

Біздің Президент үздіктер қатарында!

      Prosports.kz сайты Қазақстанның спорт саласындағы ең ықпалды 30 адамның рейтингін құрастырды. Олардың қатарында ҚР студенттік спорт Федерациясының Президенті, Дене шынықтыру және спорт университеттерінің Халықаралық ассоциациясының Президенті, ҚР Олимпиадалық академиясының Президенті, FISU атқару комитетінің мүшесі, AUSF асессоры Қайрат Закирьянов бар.
Елімізде Халықаралық және Қазақстандық спорт әлемінде өзіндік орнымды танытам деп және ата-бабалардан қалған қайсарлық пен жанкештіліктің үлгісін таныту мақсатында ел мүддесіне қызмет етіп жүрген азаматтар аз емес.  Осындай ұлы мұраттар жолында қызмет атқарып жүргендер қатарында біздің Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьяновтың есімінің аталуы және жұртшылық тарапынан мойындалуы Академия ұжымы үшін үлкен абырой деп білеміз.
Қайрат Қайроллаұлын осынау жеңісімен құттықтаймыз және жұртшылық алғысына бөленіп, ел мүддесі жолында абыройлы еңбек ете беріңіз дегіміз келеді!

file_1461684657_391873954

Close