Без рубрики

2-3 ақпанда «Digital Almaty» халықаралық цифрландыру форумы өтті

2-3 ақпанда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Tech Garden және халықаралық IT технопаркінің ұйымдастыруымен Astana Hub-та «Digital Almaty» халықаралық цифрландыру форумы өтті. Форумда әлемнің 30 елінен келген халықаралық сарапшылар, әлемнің жетекші IT-компанияларының 150-ден астам спикерлері қатысқан үздік панельдік сессиялар өтті. Форумда цифрлық технологиялар саласындағы жаңа стратегиялар мен идеялар талқыланды. Сондай-ақ Орталық Азия, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінде кең ауқымды қамтыған “Astana Hub Battle” көрмесі өтті.
Форумға Қазақ спорт және туризм академиясының қашықтықтан оқыту орталығының басшысы Серікқали Айнагүл Серікқалиқызы қатысып, білім саласындағы цифрландыру бойынша сұрақтарына ҚР ғылым және жоғары білім цифрландыру министрі Саясат Нұрбектен жауап алды.
Маған “Digital Almaty” форумы қатты әсер етті. Негізінен мен цифрландыруды барынша қолдаймын. Ал білім беруді цифрландыру тақырыбы мені бірнеше жылдан бері толғандырып келеді. Мен үшін білім беруді цифрландыруды және қашықтықтан оқытудағы білім беру бағдарламасы аясында туындайтыр сұрақтар аса маңызды», – деді Айнагүл Серікқалиқызы.

WhatsApp Image 2023-02-07 at 13.19.39 WhatsApp Image 2023-02-07 at 13.19.40 (1) WhatsApp Image 2023-02-07 at 13.19.40 (2) WhatsApp Image 2023-02-07 at 13.19.40 (3)

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close