Без рубрики

Астана қ. өткен Жайдарман маусымашарында Академияның қос командасы жаңа республикалық «Номад» лигасына жолдама алды

29 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Астанада Жайдарман маусымашары өтті. Академия атынан қос бірдей командамыз өнер көрсетті. Республикалық сайыстарда бой көрсетіп жүрген «Олимп» және жаңадан құрылған «Спорт және Махаббат» командалары үздік ойын өрнегін көрсете білді. Маусымашар нәтижесінде қос команда да жаңа республикалық «Номад» лигасына жолдама алды. Бұл лига республикамыздың әртүрлі қалаларында ойнауға мүмкіндік беріп, жақсы тәжірибе береді. Үлкен сахнада ойнауға мүмкіндік сыйлаған академия басшылығына алғыстарын білдіреді.

Жайдарманшылар үшін маусымашар – қашанда үлкен фестиваль. Жаңа маусымға, жаңа жылға жаңа леп беретін кеш деуге болады. Бар жанарды жаулаған «Жайдарманға» биыл 20 жыл толады.

6052b7e0-c1b1-4895-81ed-0756a9c83f50 615b00d8-7d17-42f8-951d-c60065d43c45

3a84ebdb-a492-48ea-b6ba-3b670a17085a 49d30a93-3c3b-4f61-bbe3-00c4db8bed08e782e5e4-6c39-4a94-a3f5-ec2ac43354ed (1)

Close