Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМ

Байланыс ақпараты:

Мекен-жайы: 050022 Алматы қ., Абай даңғылы, 85

тел.: 8 (727) 292 – 68 – 84, 222 кабинет

эл. адрес: otdel.ms@mail.ru

 

Ғылым және халықаралық қарым-қатынас бөлімі Қазақ спорт және туризм академиясының барлық оқу және ғылыми бөлімшелерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асырады

Бөлімнің қызмет саласына мыналар кіреді:

 

— ҚазСТА-ның туризм ҒЗИ, спорт ҒЗИ, кафедраларында, факультеттерінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;

— докторанттар мен магистранттардың диссертациялық жұмыстарын дайындауға ғылыми жетекшілік етуді және ғылыми кеңес беруді қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау;

— Академияның бағыты  бойынша ТМД елдеріндегі  ғылыми жетістіктер мен жұмыстар туралы ақпараттық қамтамасыз ету;

— ҚазСТА-ның ғылыми конференцияларын және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметіне байланысты басқа да іс-шараларды өткізу;

— Баспа қызметін ұйымдастыру және бақылау: “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” ғылыми-теориялық журналын, «Жас ғалымдардың зерттеуі: Денешынықтыру, спорт, туризм» студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми мақалаларының жинағы, конференция мен конгресстің еңбек жинақтарын және бағдарламаларын дайындау және шығару;

— студенттік ғылыми кеңестің (СҒК) және жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) жұмысына жетекшілік етеді;

ҚазСТА студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, мамандарды даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру арқылы шығармашылық кәсіби ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға және ғылыми-техникалық жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталған.

Академияда студенттік ғылыми кеңес (СҒК), жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК), сондай-ақ студенттің ғалым ретінде зияткерлік саласындағы кәсіби дамуының бастапқы кезеңі болып табылатын студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.

Студенттерді ғылыми зерттеулер мен ғылыми қызметке тарту мақсатында жыл сайын академияның студенттері мен магистранттарының ғылыми жұмыстарының конференциялары, байқаулары, олимпиадалары өткізіледі. Студенттер ғылыми мақалалар жазады, ғылыми конференцияларда, семинарларда баяндама жасайды. Академия қабырғасында жыл сайын “Студенттер мен магистранттар арасында үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін” байқауы өткізіледі.

СҒЗЖ-ға белсенді қатысатын үздік студенттер мен магистранттар грамоталармен, дипломдармен және ақшалай ынталандырулармен марапатталады.

Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелерін жариялау мақсатында Академия жыл сайын Студенттер мен жас ғалымдардың “Жас ғалымдардың зерттеуі: дене шынықтыру, спорт, туризм” атты ғылыми мақалалар жинағын шығарады.

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖