АРХИВ

«Қысқы универсиада – 2019» Алауы Алматыда

       «Қысқы универсиада – 2019» Алауын 24 қыркүйекте Қазақ елі қарсы алды. Бұл мәртебенің Алматы қаласына келуі тарихи оқиға, ал оның алғышарты болған 2017 жылы өткен Әлемдік қысқы XXVIII универсиада болатын. Алау табыстау эстафетасы Қазақ Спорт және туризм Академиясынан бастау алды.

     Ресей және Қазақстан елдері үшін мәртебелі шара туралы арнайы баспасөз конференциясы ұйымдастырылды, оған Қазақстан ұлттық студенттік спорт Одағының Президенті, FISU атқару комитетінің мүшесі Қайрат Закирьянов, Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матицын, статс-хатшы – Ресей Федерациясы министрінің орынбасары Наталья Паршикова, Ресей студенттік спорт одағының Президенті Сергей Сейранов, Красноярск өлкесінің спорт министрінің міндетін атқарушы Сергей Алексеев, «Дирекция Красноярск – 2019» ҰАО-ның бас директоры Максим Уразовтар қатысты.

          Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов: «Елімізде 2017 жылы өткен Әлемдік қысқы XXVIII универсиада универсиада тарихында ең үздік деп танылды, ал Алау Қазақстанның киелі 16 өңірін аралап, Алматы қаласының «AlmatyArena»-сында жанған болатын. FISU бізге ең маңызды миссияны сеніп тапсырды, ал біз бұл жауапкершілікті абыроймен атқарып шықтық. Президентіміз Н.Назарбаев өз сөзінде универсиадаға дейін еліміздің жастарының 15 пайызы тек спортпен шұғылданса, ал универсиададан кейін бұл көрсеткіш 45 пайызға артқанын атап өткен болатын. Бұл дегеніміз біздің универсиаданың алға қойған мақсатына жеткенін көрсетеді» – деп салтанатты шараны ашты.

         Статс-хатшы – Ресей Федерациясы министрінің орынбасары Наталья Паршикова «Мен қазіргі Қазақ Спорт және туризм академиясының түлегі екенімді мақтан тұтамын, алғаш табалдырығын аттағанда қатты тебіреністе болдым. Бүгінгі күнде мен спорт әлемінде үлкен табыстарға қол жеткізсем, сол үшін осы шаңыраққа қарыздармын деп есептеймін.

           20 қыркүйек күні Италияның Турин қаласынан бастау алған Универсиада Алауы бүгін Қазақстанда. Алау эстафетасын Алматыда қарсы алуға мұрындық болып отырған Академияның Президенті Қайрат Қайроллаұлына үлкен алғысымды білдіргім келеді».

     Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матицын университеттік спартакиаданың дамуына зор үлес қосып әрі осы бастаманың жаршысы болып отырған Академия Президентіне өз құрметін білдіріп, Қазақстанда спорттың зор қарқынмен дамып келе жатқандығын атап өтті.

           Өз кезегінде сөз алған Ресей студенттік спорт одағының Президенті Сергей Сейранов қазіргі таңда университеттік спартакиаданың маңызы артқанын, бұл жас спортшылар үшін олимпиадаларға қадам жасаудың алғашқы баспалдағы әрі олимпиадалық сайыспен пара-пар болып отырғанын айта келіп, Ресейлік, көркем гимнастикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Евгения Канаеваның спорттағы жанкештілігін үлгі етті. Ол 2008 жылы Олимпиада чемпионы атанса да, 2009 жылы Белградта өткен Универсиадаға қатысып, спорттың 5 түрінен алтын медальға қол жеткізді. Евгения Канаеваның бұл табандылығы барлық спортсмендерге үлгі болуы керектігін айтты.

          «Дирекция Красноярск – 2019» ҰАО-ның бас директоры Максим Уразов: «Мен сіздерге осындай қолдау үшін алғыс білдіріп, 2017 жылы  өткен Универсиада ең жоғары деңгейде өткенін айтқым келеді. Бізде осындай есте қаларлықтай өткіземіз деп ойлаймын. Сіздерді келесі жылынаурыздың 2-12 аралығында Краснорск қаласында күтетін боламыз», – деді.

           Айта кетер жайт,  Алау Эстафетасы  20-ші қыркүйек күні Италияның Турин қаласында басталды. Әсем қаламыз Алматыда FISU өкілдері мен «Қысқы универсиада – 2019» Алауы эстафетасын ұйымдастырушылар колбадағы алауды Қытай Халық Республикасына табыстады. Келесі Алау  Эстафетасының кезеңі осы елдің Харбин қаласында  қыркүйектің  26-ы  күні өтеді.

      Қыркүйектің 29-ы күні Алау Эстафетасының Ресейдегі кезеңі басталып, сол елдің 30 ірі қаласы қабылдайды. Спорттық шара 2019 жылы наурыздың 1-і дейін жалғасып,  студенттер  ойындарының   астанасы Красноярскте аяқталады.

          Баспасөз конференциясының соңында журналистер өздерін толғандырған сұрақтарға толықтай жауап алды, ал одан кейін салтанатты шара басталды.

     Универсиада Алауын салтанатты түрде Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры, Ph(D) Бауыржан Закирьянов боскстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовқа табыстады. Алауды жағу рәсімі әрі қарай өз жалғасын тапты.

          Қазақ спорт және туризм академиясы еліміздің халықаралық спорттық мәртебесін арттыратын осындай шараларды ұйымдастыру ісін жалғастыра бермек.

Автор: Досымшалова Гульнара

DSC_0226

IMG_1789

DSC_0046-2

IMG_1762

IMG_1776

IMG_1789

IMG_1809

IMG_1834

IMG_1849

IMG_1862

IMG_1885

DSC_0011

DSC_0046

DSC_0046-2

DSC_0058

DSC_0069

DSC_0107

DSC_0115

DSC_0155

DSC_0171

DSC_0200

DSC_0203

DSC_0226

DSC_0240 (1)

DSC_0240

DSC_0247

DSC_1715

DSC_1717

IMG_1422

IMG_1460

IMG_1467

IMG_1478

IMG_1506 (1)

IMG_1509

IMG_1511

IMG_1526

IMG_1601

IMG_1622

IMG_1624

IMG_1628

IMG_1666

IMG_1729

IMG_1762 (1)

20180924151729

Close