АРХИВ

Академия тынысы

Қазақ спорт және туризм академиясы спорт саласы мен білім беруде қашанда көшбасшы. Сондықтан ең үздік мектеп түлектері, ең үздік спортшылар ҚазСТА-ны таңдайды. Биылғы жылы Академияға жылдағыдан екі есе көп студент оқуға түсті. Олардың көпшілігі оқу үздігі, әр түрлі Республикалық және халықаралық жарыстар мен конкурстардың жүлдегерлері екендігі мақтанарлық жәйт. Ал, өз ретінде Академия қабылдау комиссиясы дәстүр бойынша жыл сайынғы өз жұмысын тың серпінмен бастаудан жаңылған емес. Сондай-ақ, биылғы қабылдау комиссиясында белсенді студенттер де көмек қолын созып, жұмыстың алға басуына өз көмектерін тигізді. Оған қабылдау комиссиясының қорытындылары куә.

Биылғы жылы «Бакалавр» бағыты бойынша барлығы 981 студент қабылданды.  Олардың ішінде күндізгі бөлімге  788 студент, сырттай бөлімге 193 студент қабылданды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан күндізгі оқу бөліміне  бөлінген  мемлекеттік оқу гранттарының санына тоқталсақ:

1 курс «Дене шынықтыру  және спорт» мамандығына –  432 грант, 3 курс «Дене шынықтыру  және спорт» мамандығына – 13 грант , «Туризм» мамандығына 11 грант,  «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығына – 3 грант. Ал сырттай оқу бөліміне грант бөлінбеді.

2016 – 2017 оқу жылына магистратура ға жалпы 100 адам қабылданды, оның   36 грантпен оқуға түсті. «Дене шынықтыру  және спорт» мамандығына – 21 грант, «Туризм» мамандығына   – 15 грант  бөлінді.

Докторантураға барлығы  14 адам қабылданып, олардың 9 грантқа түсті. «Дене шынықтыру  және спорт»  мамандығына – 6 грант, «Туризм» мамандығына 3– грант бөлінді.

Биылғы жылы Академия табалдырығын аттап отырған студент, магистрант, докторанттарға еліміздегі дене шынықтыру мамандығы бойынша білім беретін ең беделді оқу орнына түсулерімен құттықтап, ақ жол тілейміз !

 

Оқу бөлімі

Close