СПОРТ ҒЗИ

А.С. Иванов атындағы ғылыми-зерттеу институы

Мекен-жайы: Алматы қ., Құрманғазы 104

Ұйымның атауы: ҚазСТА спорт ҒЗИ

Байланыс телефондары: 292 06 21; +77052199787

эл.пошта: makogonova_tanya@mail.ru

 

Спорт ҒЗИ қосымша сілтемелер

Спорт ҒЗИ қызметтерін және жабдықтарын ұсыну  Спорт ҒЗИ қызметкерлері Мақалалары КБайланыс ақпараты және құжаттар

Спорт ҒЗИ құрылымы

нии-спорта-таблица-каз

Спорт ғылыми-зерттеу институты қызметінің мақсаты мен мәні

СҒЗИ қызметінің мақсаты іріктеудің және спорттық бағдарлаудың тиімді әдістерін негіздеуге, спортшы ағзасының денсаулық жағдайын, резервтік мүмкіндіктерін бақылауға, бағалауға, спорттық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде жаттығуға, спорттық шеберлікті арттырудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін жетілдіруге бағытталған,  қолданбалы және іргелі сипаттағы зерттеулер жүргізу болып табылады. Сондай-ақ, таулы жерлерде спорттық жарыстардың әдістемесін және тау жағдайында бұқаралық спорт пен тұлғаның белсенді демалысын ұйымдастырудың ғылыми мәселелерін зерттейді. Сонымен қатар спорт ҒЗИ мемлекеттік тілде дене шынықтыру және спорт бойынша білім беру саласына қатысты, спорт тарихы, спорт теориясы, спорт әдістемесі, спорт психологиясы, спорт әлеуметтануы және т.б. бағыттар бойынша спортшыларға, жаттықтырушыларға, оқушыларға, студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен оқытушыларға арналған кітаптарды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды аудару және шығару бойынша ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұны жүзеге асыру үшін спорт ҒЗИ базасында жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарға ҚР құрама командаларын даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт бағыттары бойынша әдебиетті орыс тілінен мемлекеттік тілге ғылыми аудару бойынша кешенді ғылыми топтар құрылады (құрамы 4-6 адам).

Зерттеу әдістері:

– педагогикалық;

– эргоспирометрия;

– велоэргометрия;

– қол эргометриясы;

– Вингейт тесті (аналар);

– лактометрия;

– волюмоспирометрия;

– қанның биохимиялық талдауы;

– ОАК;

– ОАМ;

Спорт ҒЗИ қызметінің негізгі бағыттары

– Спорт ҒЗИ Қазақстан Республикасындағы жоғары жетістіктегі спорттың, дене шынықтыру және бұқаралық спорттың өзекті мәселелерін байланысты ғылыми зерттеулер жүргізеді.

– Спорт ҒЗИ іріктеудің және спорттық бағдарлаудың тиімді әдістерін негіздеуге, спортшының денсаулығының жай-күйін, денесінің резервтік мүмкіндіктерін бақылауға, бағалауға, спорттық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде жаттығуға, спорттық шеберлікті арттырудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін жетілдіруге, оның ішінде дененің биіктік факторларына бейімделу үрдістерін зерттеуге бағытталған қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізеді. Атмосфералық қысымның төмендеуі жағдайында бұлшықет жұмысының ерекшеліктері, әртүрлі биіктіктерде жоғары спорттық жұмысқа қабілеттілікке қол жеткізу жолдарын айқындау, таулы жерлерде спорттық жарыстардың әдістемесін және таулы жағдайларда бұқаралық спорт пен тұлғаның белсенді демалысын ұйымдастырудың ғылыми мәселелерін зерттейді.

– Спорт ҒЗИ мемлекеттік тілде дене шынықтыру және спорт бойынша білім беру саласына қатысты, спорт тарихы, спорт теориясы, спорт әдістемесі, спорт психологиясы, спорт әлеуметтануы және т.б. бағыттар бойынша спортшыларға, жаттықтырушыларға, оқушыларға, студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен оқытушыларға арналған кітаптарды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды аудару және шығару бойынша ғылыми жұмыс жүргізеді.

– Спорт ҒЗИ базасында жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарға ҚР құрама командаларын даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт бағыттары бойынша әдебиетті орыс тілінен мемлекеттік тілге ғылыми аудару бойынша кешенді ғылыми топтар құрылады (құрамы 4-6 адам). Спорт ҒЗИ Қазақстан ішінде, сондай-ақ шетелде ұйымдастырылатын ғылыми жобаларға, байқауларға қатысады.

– СҒЗИ базасында ҚазСТА оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, сондай-ақ тіркелген ізденушілер зерттеу жүргізеді.

 

Close