Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

ҚазСТА-да көрнекті жазушы Роллан Сейсенбаевпен рухани-танымдық кездесу өтті

2026 жылғы 5 қарашада Қазақ спорт және туризм академиясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, аудармашы, баспагер және қоғам қайраткері Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевпен әдеби-танымдық кездесу өтті.

Ұлттық әдебиет пен руханиятты дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шараға Академия басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен құрметті қонақтар қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақты қазақ әдебиетінің бай мұрасымен таныстыру, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтардың маңызын насихаттау, сондай-ақ көрнекті қаламгердің өмірлік тәжірибесі мен шығармашылық ұстанымдарын жастарға үлгі ету.

Роллан Сейсенбаев – шығармаларында адам тағдыры, тарихи жады, ұлттық болмыс, адамгершілік және қоғамның рухани дамуы секілді маңызды тақырыптарды терең қозғаған қаламгер. Оның әдеби және қоғамдық қызметі Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де кеңінен танылған. Әсіресе, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын әлемдік оқырманға таныту жолындағы еңбегі ерекше маңызға ие.

Кеш Академияның «Руханият» жастар театры дайындаған шығармашылық қойылыммен басталды. Одан кейін қатысушылар назарына қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнеролик ұсынылды.

Іс-шара барысында Қазақ спорт және туризм академиясының қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Әлия Нұркенқызы Айтуғанова Роллан Сейсенбаевтың әдеби мұрасы мен қоғамдық қызметіне арналған мазмұнды баяндама жасады.

Кездесудің маңызды сәттерінің бірі – қаламгерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі болды.

Академия президенті, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов құттықтау сөз сөйлеп, әдебиет пен мәдениеттің қоғамның рухани дамуындағы орнына тоқталды.

Қазақ спорт және туризм академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевқа Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық жемісті еңбегі және шығармашылық жетістіктері үшін «Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессоры» атағы берілді.

Сонымен қатар қаламгер Ұлы дала халқының рухани мұрасын жаңғыртуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан айрықша үлесі үшін «Ұлы даланың ұлы есімдері» халықаралық ассамблеясының «Ұлы дала кентавры» орденімен марапатталды.

Салтанатты рәсімнен кейін Академия президенті Қайрат Закирьянов ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, жиналған қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Кездесудің мазмұнды бөлігінде Роллан Сейсенбаев жастармен ашық пікір алмасып, әдебиет, шығармашылық, ұлттық мәдениет және рухани құндылықтар жөніндегі ойларымен бөлісті. Сұхбатты қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы Әлия Айтуғанова жүргізді.

Әдеби-танымдық кеш Академия студенттерінің шығармашылық өнерімен жалғасты. Көрермендер назарына музыкалық композициялар ұсынылып, Қадір Клараның орындауында «Туған өлке» әні шырқалды. Сондай-ақ «Qadam» би ансамблі қазақтың ұлттық биін орындап, кештің көркін аша түсті.

Роллан Сейсенбаевпен өткен кездесу жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық руханият пен мәдени мұраның құндылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берген маңызды іс-шара болды.

Қазақ спорт және туризм академиясы спорт саласындағы кәсіби мамандарды даярлаумен қатар, студенттердің жан-жақты дамуына, мәдени дүниетанымын кеңейтуге және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ерекше мән береді.

Осындай тағылымды кездесулер Академияның білім беру мен тәрбиені ұштастыруға, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге және саналы, білімді, рухани бай жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.
5444926459043586229

5444926459043586228

5444926459043586227

5444926459043586224

5444926459043586221

5444926459043586219

5444926459043586217

5444926459043586211

5444926459043586210

5444926459043586209

5444926459043586208

5444926459043586207

5444926459043586206

5444926459043586205

5444926459043586201

5444926459043586202

5444926459043586204

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖