
Студенттердің білім алуына, жан-жақты дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау мақсатында Академия жатақханасында коворкинг кеңістігі мен заманауи фитнес залының салтанатты ашылуы өтті. Коворкинг кеңістігі студенттердің білім алуына, пікір алмасуына, бірлескен жобалармен жұмыс істеуіне және жаңа бастамаларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Ал қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған фитнес залы жатақханадан шықпай-ақ спортпен шұғылдануға жағдай жасайды. Жаңа кеңістіктерді ұйымдастыруға Жастар саясаты бөлімі мен студенттік белсенділер атсалысты. Салтанатты ашылу рәсімінде Академия президенті Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов лентаны қиып, жаңа нысандарды ресми түрде ашты. ҚазАСТ әрбір студенттің білім алып, дамуына және өз әлеуетін толық жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауды жалғастыруда!






















