
Астана қаласында өткен ММА (AMMA) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Кенесары Мәдияр жоғары нәтиже көрсетті.
85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшы қарсыластарынан басым түсіп, І орын иеленіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Кенесары Мәдияр – КСжЖЖФ 26-8 тобының студенті. Эдвайзері – А. Қалтаев.
Бұл жетістік – спортшының табанды еңбегі, жоғары дайындығы мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі.
Қазақ спорт және туризм академиясы Кенесары Мәдиярды айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейді!





