
2026 жылы 3 қарашада Қазақ спорт және туризм академиясында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған ақпараттық баяндама жасалды.
Ақпараттық баяндаманы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Тебегенова Эльвира Темірханқызы ұсынды.
Баяндама барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғам алдындағы өзекті міндеттер мен алдағы кезеңнің басымдықтары талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – профессор-оқытушылар құрамын Президент Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстыру, ел дамуының стратегиялық бағыттары туралы түсініктерін кеңейту және азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Баяндама соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, талқыланған тақырып бойынша ойларын ортаға салды.
Ақпараттық баяндама мазмұнды әрі танымдық сипатта өтіп, қатысушылардың еліміздің даму бағыттары туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етті.














