
2026 жылғы 19 қарашада «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Діни сауаттылық жаңа Конституция бойынша» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, ар-ождан бостандығы, зайырлы мемлекет қағидаттары және діни сенімге құрметпен қарау мәселелері түсіндірілді.
Кездесу барысында дін мен мемлекеттің бөлінуі, әр азаматтың діни сенім бостандығына құқығы, заң алдындағы теңдік және конфессияаралық келісімнің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу, жалған діни ақпараттан сақтану және діни сауаттылықты арттыру жолдары қарастырылды.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – білім алушылардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту.
Аталған іс-шараны Спорттық ойындар кафедрасының аға оқытушылары Байзакова Нұржамал Оспановна және Рахимбекова Жанат Сайранқызы 3-курс студенттерімен ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты. Тәрбие сағаты білім алушылардың заңға құрметпен қарауына, діни сауаттылығын арттыруға және зайырлы мемлекет құндылықтарын түсінуіне ықпал етті.











