
Іс-шараның негізгі мақсаты — заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын талқылау, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңға құрметпен қарау қағидаттарын насихаттау.
Дөңгелек үстелді Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тебегенова Эльвира Темірханқызы және философия ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Адерихин Сергей Владимирович ұйымдастырды.
Іс-шара барысында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі туралы мәселелер қарастырылды. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, құқықтық мәдениетті дамыту мен қоғамдағы тәртіпті нығайту жөнінде пікір алмасты.
Дөңгелек үстел жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және заң үстемдігіне негізделген қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызын түсіндіруге бағытталды.














