
Күрес кафедрасының студенті Мерей Базарбаевты 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында әлем чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – табандылық пен тынымсыз еңбектің, қайсарлық пен жеңіске деген жігердің жемісі!
Мерейге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, Қазақстанның көк туын әлемдік ареналарда асқақтата беруіне тілектеспіз!
Жеңісті жолың жалғаса берсін!






