
2026 жылғы 21 қазанда ҚазСТА Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің маманы Абдымомынов Ғ.А. «Цифрлық салықтық бақылау: мемлекеттің араласуының құқықтық шектері және платформалардың экономикалық тиімділігі (скрининг, жасанды интеллект)» атты семинарға қатысып, «Ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллект» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасында салықтық бақылауды цифрландыру мәселелерін талқылау, мемлекеттің салық төлеушілердің қызметіне араласуының құқықтық шектерін зерделеу, салықтық әкімшілендірудің заманауи цифрлық құралдарын, соның ішінде скринингті, деректерді автоматтандырылған талдау мен жасанды интеллект технологияларын қарастыру, сондай-ақ олардың салықтық бақылаудың экономикалық тиімділігін, ашықтығы мен нәтижелілігін арттырудағы рөлін бағалау болды.
Іс-шара Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде өтті. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар, жеке бизнес өкілдері, салық және қаржы консультанттары, сондай-ақ бухгалтерлер қатысты.
Семинар сұрақ-жауап сессиясымен, музыкалық нөмірмен және спикерлерге алғыс хаттар табыстау рәсімімен аяқталды.







