
Осыған орай салтанатты рәсімде Академия президенті Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов орталықтың ашылуымен құттықтап, оның қызметіне сәттілік пен толағай табыстар тіледі. Өз сөзінде спорттағы жоғары жетістіктерге қол жеткізуде психологиялық дайындықтың, эмоционалдық тұрақтылықтың және тұлғалық дамудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар орталықтың алдағы жұмысына табыс тілеп, оның жүйелі дамуына және алдына қойған мақсаттарының жүзеге асуына ізгі тілегін білдірді.
Орталықтың ашылу салтанатына құрметті қонақтар қатысып, жаңа бастаманың маңыздылығын атап өтіп, ұжымға ізгі тілектерін жеткізді. Құрметті қонақтар қатарында Техника ғылымдарының кандитаты, экономика ғылыдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Есполов Тілектес Исабайұлы және психология ғылымдарының докторы, профессор, психотерапевт практик психолог Каримова Раушан Бейдалиевна құттықтап келіп, орталық жұмысына сәттілік, кәсіби жетістіктер және алдағы уақытта нәтижелі қызмет атқаруына тілек білдірді.
Спорт психологиясы және тұлғалық даму орталығы спортшыларға, студенттерге, оқытушыларға және академия қызметкерлеріне психологиялық қолдау көрсетуге, олардың психологиялық саулығын нығайтуға және жеке әлеуетін ашуға бағытталған.
Ашылу рәсімі барысында қатысушыларға орталықтың негізгі қызмет бағыттары, жұмыс мүмкіндіктері және алдағы даму жоспарлары таныстырылды. Іс-шара спорт психологиясын дамыту, ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу және психологиялық қолдау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін маңызды алаңға айналды.
Спорт психологиясы және тұлғалық даму орталығының ашылуы – спорттағы жетістік пен тұлғалық дамуды ұштастыратын, психологиялық мәдениетті қалыптастыруға және академияның білім беру мен ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Орталықтың алдағы жұмысына сәттілік, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!




















