ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең міртебеге ие болды»
Бүгін Қазақ спорт және туризм академиясында Қазақстан Республикасының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы мен Алматы облысының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесуге Академия президенті, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Мұхтар Зайнолдаұлы Есқалиев, ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі проректор Гүлсің Уәлиқызы Кенжебекова, Кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультетінің деканы Бақытбек Мұхаметханұлы Қонақбаев, Қазақ ұлттық спорт түрлері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Балықбайұлы Көпжанов және «Тайбурыл» ұлттық ат спорты орталығының директоры Нұрбол Ерболұлы Бөрібеков қатысты.
ҚР «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының өкілдері: федерацияның бірінші вице-президенті Өмірзақ Жамбырбайұлы Бекенов, бас хатшы, жекпе-жектен ҚР құрамасының бас бапкері Дамир Манарұлы вице-президент Данияр Құмарбекұлы Таспеков, еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт жөніндегі директор Нұрлан Айсаұлы Аманқұлов, халықаралық дәрежедегі төреші Павел Эдуардұлы Кан, Алматы облыстық федерациясының президенті Бақытжан Сатыбалдыұлы Байсалбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данеш Әкімбайұлы Дүнгенбаев. Кездесуге кәсіби спортшылар, жекпе-жек майталмандары Азат Қайнарұлы Мақсұм, Бекзат Алмахан және Қазақ спорт және туризм академиясының түлегі Руслан Бақкелдіұлы Мейрманов қатысты.
Меморандумға Академия атынан президент, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов, Қазақстан Республикасының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы атынан бірінші вице-президент Өмірзақ Жамбырбайұлы Бекенов, Алматы облысының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы атынан федерация президенті Бақытжан Сатыбалдыұлы Байсалбаев қол қойды.
Меморандум «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамытуға, оқу-жаттығу үдерісіне спорт ғылымының заманауи жетістіктерін енгізуге және мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Ынтымақтастық аясында спортшылардың дене, техникалық-тактикалық және психологиялық даярлығын жетілдіру, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу бағыттарына басымдық беріледі. Сонымен қатар жас спортшыларды іріктеу мен даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, студенттердің кәсіби тәжірибесін кеңейтуге және спорттық резервтің сапасын арттыруға мүмкіндік туады.
Бұл келісім Академия мен федерациялар арасындағы ғылыми, білім беру және спорттық байланысты нығайтып, ұлттық спорттың институционалдық дамуына жаңа серпін береді.
WhatsApp Image 2026-09-17 at 12.14.08

WhatsApp Image 2026-09-17 at 12.14.07

WhatsApp Image 2026-09-17 at 12.14.06

IMG_9622.JPG

IMG_9616.JPG

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма