
29 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Орал қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарыста Күрес кафедрасының FPSE24-8 дзюдо бөлімінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Орымбек Көркем — 70 кг салмақ дәрежесінде II орын.
Командалық сайыста:
Жеңіс Нұрай — I орын
Натей Назар — II орын
Сонымен қатар, Жеңіс Нұрайды Қазақстан Республикасының спорт шебері (ҚР СШ) нормативін орындауымен құттықтаймыз!
Студенттеріміз бен олардың жаттықтырушыларын айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!











