«Рәміздер рухы – Конституция күші» атты дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 4 маусымда Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру және азаматтық-патриоттық құндылықтарды насихаттау.
Дөңгелек үстелді педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ спорт және туризм академиясының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Есқалиев М.З. ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шара барысында кафедра оқытушылары Тулентаева К.А., Жанғанатова Қ.Н., Салимгереева Ш.А. және Раджапов А.У. сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихи мәні, Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы рөлі және жастардың азаматтық жауапкершілігі мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырып аясында белсенді талқылау жүргізді. Дөңгелек үстел жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және патриоттық санасын нығайтуға ықпал етті.DSC05083 (2)

DSC05038

DSC05000

DSC04964

DSC04950

DSC04934

DSC04921

DSC04891

DSC04877

DSC04866

DSC04833

DSC04829

DSC04827

DSC04818

DSC04808

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма