Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

«Turan Model United Nations 2026» XV мерейтойлық халықаралық конференциясы

2026 жылғы 24-25 сәуір күндері Тұран университеті базасында Жоғары «Халықаралық қатынастар және дипломатия» мектебінің ұйымдастыруымен «TURAN MUN 2026» XV мерейтойлық халықаралық конференциясы өтті. Іс-шара жаһандық саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға арналды және БҰҰ комитеттерінің отырыстарына барынша жақын форматта ұйымдастырылды.

Қазақ спорт және туризм академиясы атынан конференцияға ФОС факультетінің 1 курс студенттері Мәлік Нұржас, Жалғасбек Бекзат, Дүйсебаев Темірлан, Думанқызы Гаухар қатысты. Жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор С.М. Минбаева.

Конференция дипломатиялық, көшбасшылық және шешендік қабілеттерді дамытуға, сондай-ақ ымыраға келу, дипломатиялық этика нормаларын сақтау дағдыларын жетілдіруге арналған маңызды алаң болды. Сонымен қатар қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін талқылауға ерекше назар аударылды.

Конференцияның ашылу салтанатына халықаралық ұйымдардың, елшіліктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл шараның маңызын айқындап, студенттердің кәсіби дипломатиялық ортаға енуіне зор мүмкіндік берді.

Тұран университеті ұйымдастырушылары мен конференция модераторларына іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз. Қатысушылар үшін бұл жарқын әрі есте қаларлық тәжірибе болды!IMG_5163

IMG_5164

IMG_5165

IMG_5167

IMG_5168

IMG_5166

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖