Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

RITA (Region in Transition) – «Өңірдегі өзгерістер» бағдарламасы аясындағы, Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша практикалық құзыреттерді қалыптастыруға арналған халықаралық жоба

2026 жылғы 20 сәуірінде Қазақ спорт және туризм академиясында «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша практикалық құзыреттерді қалыптастыруға арналған халықаралық жобаның ашылуы өтті. Жоба «Бостандық үшін Польша-Америка қорының» қаражаты есебінен RITA – «Өңірдегі өзгерістер» бағдарламасы шеңберінде бірлесіп қаржыландырылып, «Демократия үшін білім беру» қоры арқылы іске асырылуда.
Жоба қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас әлеуметтік қызметкерлерінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша нақты практикалық дағдыларды меңгеруі негізінде поляк тәжірибесіне бағытталған оқыту әдістерін игеруіне бағытталған.
Жобаның ұйымдастырушылары: «Еуропалық спорт және құтқару орталығы» қауымдастығы (Быдгощ, Польша) және Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы, Қазақстан). Барлық қатысушылар үшін оқу тегін жүргізіледі. Жоба WSG University (Польша), Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі, Польша Республикасының Қазақстандағы Елшілігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары жөніндегі уәкіл, Белсенді реабилитация қоры (Польша) және Куяв-Помор воеводствосының Олимпиадалық кеңесі (Польша) қолдауымен жүзеге асырылуда.
Ашылу рәсімінде құттықтау сөзін Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Кайрат Кайруллинович Закирьянов, сондай-ақ WSG University (Польша) жобаның үйлестірушісі Александр Скалий сөйледі. Қатысушыларды сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейтжан Кенжегyл Социалулы, Польша Республикасының Алматыдағы дипломатиялық өкілдігінің басшысы – Бас консул Дариуш Шевчык, Алматы қаласы Спорт басқармасының Спорт бөлімінің басшысы Мұқанов Мұхтар Мұхтарұлы құттықтады.
Бірінші күні қатысушылар «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар» тақырыбындағы дәрісті тыңдап, одан кейін мүгедектер арбасымен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты.
Екінші күні оқу теориялық бөліммен жалғасып, кейін көру қабілеті нашар адамдарға арналған таяқпен жүру техникасы мен көмек көрсету әдістері бойынша практикалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында қауіпсіздік және алып жүру мәселелері қарастырылды.
Үшінші күн бейімделген жүзу мәселелеріне арналды: судағы жаттығулардың маңызы туралы дәрістен кейін ҚазСТА бассейнінде практикалық сабақ өтіп, қатысушылар кедергілерден өту тәсілдері мен Halliwick әдістемесінің негіздерін меңгерді.
Қорытынды күні поляк мамандары Еуропалық реанимация кеңесінің (European Resuscitation Council) ұсынымдарына сәйкес алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша дәріс өткізеді, сондай-ақ BLS, AED қолдану және зардап шегушіні қауіпсіз қалыпқа келтіру бойынша тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
24 сәуірде жобаның салтанатты жабылу рәсімімен аяқталды. Рәсім барысында жобаның қорытындылары шығарылып, сертификаттар мен естелік сыйлықтар халықаралық «Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша тәжірибелік құзыреттерді қалыптастыру» жобасының қатысушыларына RITA (Region in Transition) – «Өңірдегі өзгерістер» бағдарламасы аясында табысталады.

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖