Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

Ғылым күніне орай КазАСТ базасында IV Халықаралық форум мен ғылыми-практикалық конференция өтті

2026 жылғы 9–10 сәуір аралығында Қазақстанда Ғылым күніне орай Қазақ спорт және туризм академиясының базасында «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім беру және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты IV Халықаралық форум, сондай-ақ форум аясында «Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру практикасының өзекті мәселелері» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Форумның мақсаты – кәсіби диалогты қалыптастыруға ықпал ету, ғылыми мектептерді дамыту және дене шынықтыру, спорт, туризм мен білім беру жүйесіне озық тәжірибелерді енгізу. Форум аясында пленарлық және секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлік сабақтары, жекпе-жек өнері фестивалі өткізіледі.
Жыл сайынғы халықаралық форум – дене шынықтыру, спорт, туризм, білім беру және сабақтас ғылым салаларындағы ғылыми әрі практикалық тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң. Іс-шара Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Бразилия, Колумбия елдерінің ғалымдарын, оқытушыларын, жаттықтырушыларын, білім беру және спорт ұйымдарының, орта білім беру мекемелерінің өкілдерін біріктіреді.
9 сәуір күні салтанатты шараны ҚазАСТ президенті, профессор Закирьянов Қайрат Қайруллинович ашып, өз баяндамасында жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеулердің ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы оқу орындарында еліміздің болашақ экономикасын дамытатын жас мамандар тәрбиеленеді.WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.51

WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.50

WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.50 (2)

WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.50 (1)

WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.49

WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.49 (2)

WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.49 (1)

WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.48

WhatsApp Image 2026-04-13 at 11.40.48 (1)

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖