
KWU WORLD CUP – 2025
Варна қаласы, Болгария
8 шілде, 2025 ж.
Әлемнің 25 елінен келген 300-ден астам спортшы бас қосқан байрақты дода өз мәресіне жетті!
Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының атынан сынға түскен ACD FPSE 23-1 тобының 3 курс студенті Максутов Рысбек тамаша өнер көрсетті:
Тунис және Әзірбайжан спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Грузия спортшысынан есе жіберсе де, шешуші жекпе-жекте Израиль спортшысын жеңіп, қола жүлдегер атанды!
Жүлделі үшінші орын құтты болсын








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма