Без рубрики
Халықаралық қарттар айлығы және «Күміс университет» бағдарламасы аясында «Қарттарым – асыл қазынам!»
2024 жылдың, 22 қазанда Халықаралық қарттар айлығы және «Күміс университет» бағдарламасы аясында Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір орталығы» және Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты ұрпақтар сабақтастығын дамытуға арналған іс-шара өткізді.
Кездесу барысында йога, емдік гимнастика, цигун, айкуне, скандинавиялық жүрістен 61+ жастағы қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараның маңызды сәті, Академия мен Орталық арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның бекітілуі болды, оған қол қойғандар: Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Бекетаева Сәуле Станиславқызы және ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Дошыбеков Айдын Бағдатұлы.
Іс-шараның нәтижесінде ҚазСТА және БҰӨО, «Күміс университет» жобасы аясында түрлі форумдар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен курстар өткізіп, біліктілікті арттыру саласында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.