Без рубрики

Хабарландыру

Қазақ спорт және туризм академиясы студенттері мен магистранттарының

НАЗАРЫНА!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын иеленуге конкурс жарияланады

Стипендия конкурс қорытындысы бойынша тағайындалады:

  1. Мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізде білім алушы, бүкіл оқу кезеңі бойынша оқу үлгерімі тек «үздік» күндізгі оқу бөлімі 3-4 курс студенттері мен екінші курс магистранттарына;
  2. Бір академиялық кезеңге (семестрге) келесі санаттағы білімгерлерге:

1) республикалық және халықаралық олимпиада, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар, фестивальдер жеңімпаздарына немесе жаңалықтар авторларына;

2) ғылыми еңбектер жинағында,  республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда еңбектері жарияланғандарға;

3) нәтижелері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен айқындалған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді шұғылданушыларға;

4) академияның қоғамдық, мәдени және спорттық тіршілігіне белсенді қатысушыларға.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар тізімі:

  1. Ректордың атына өтініш;
  2. Оқу кезеңдері бойынша транскрипті;
  3. Конкурстарға қатысқанын дәлелдейтін дипломдар, сертификаттар;
  4. Куратор мен деканның қолы қойылған мінездеме-ұсыныс.

 

Құжаттар СҚО 214 кабинетте қабылданады.

Құжатттарды тапсыру мерзімі:

2019 жылдың 19 қаңтарына дейін.

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close