Без рубрики
2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ СЫЙЛЫҚАҚСЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Бұдан әрі – Министрлік) «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2024.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде қабылданады.
Үміткерге сыйлықақыны тағайындау үшін ғылыми жетістіктер келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;
2) Уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;
3) Таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
4) Таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің және сапаның болуы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
5) Таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;
6) Соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқытуы;
7) Философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
8) Өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
9) Ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
Қосымша:
«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлыақыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы №544 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қарашада № 25003 болып тіркелді) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025003 ).
2024 жылға арналған «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлықақсын алуға үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері. Көрсеткіштер
Өтінім 28 қарашаға дейнін қабылданады.
Жауапты тұлға – Тұрғанбаев Дос Әлиұлы, тел.: 8 (7172) 74-25-88