Без рубрики

ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚАҚЫНЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯЛАРДЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы                     31-бабының, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағы 148) тармақшасының негізінде ғылым саласындағы сыйлықақы, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.

Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы №389 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033264):

1) Қ.И.Сәтбаев атындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн бір сыйлықақы;

2) Ш.Ш.Уәлиханов атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн  бір сыйлықақы;

3) Ы.Алтынсарин атындағы педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн бір сыйлықақы;

4) Күлтегін атындағы түркітану саласындағы аса зор жетістіктері үшін бір сыйлықақы;

5) Д.А.Қонаев атындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған бір сыйлықақы;

6) М.О.Әуезов атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған бір сыйлықақы;

7) 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық жасқа дейінгі (40 жасты қоса алғанда) талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.

Конкурс өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, оның ішінде:

1) «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №466 бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417);

2) «Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттарын және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға кандидаттарды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы
14 қазандағы № 517 бұйрығы (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/725692?lang=kk);

3) «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020852).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы №482 және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №642/НҚ бірлескен бұйрығына сәйкес (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/201806/kaz), ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау пилоттық режимде электрондық нысанда «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007392

Өтініш беру:

Сыйлықақылар:

https://astanahub.com/kk/l/awards

Стипендиялар:

https://astanahub.com/ru/l/scholarships

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды.

 

Ғылым саласындағы сыйлықақыны алуға арналған конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:

1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер түрінде ғылыми жұмыс (бестен аспайтын);

2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа парағының жартысынан аспайтын);

3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi;

4) сыйлықақы алуға қатысатын үміткердің негiзгi қызмет орнынан анықтама;

5) сыйлықақы алуға үміткердің (ұжымдық жұмыстары үшiн) шығармашылық үлесi көрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;

6) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын анықтама;

7) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);

8) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа келесідей құжаттар ұсынылады:

1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжді қолдаухаты (ұсынымы);

2) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама;

3) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңызды жұмыстарының баспа-таңбалары (бестен аспайтын);

4) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);

5) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.

 

Байланыс үшін:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ:

+7 (727) 364-76-48

+7 (775) 943-03-05

+7 (707) 900-32-01

+7 (775) 959-62-64

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close