Без рубрики
Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты еске алуға арналған XXVΙ «Күрес түрлерінен фестиваль» өтті
Ұлттық спорт түрлері және Күрес кафедрасының ұйымдастыруымен 2023-жылдың 29-қазанында Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты еске алуға арналған «Күрес түрлері фестивалі» өтті.
Жыл сайын өткізілетін «Күрес түрлері фестивалінде» қазақ спортының жарық жұлдыздары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Әлем Чемпиондары, спорт ардагерлері қатысып академия студенттеріне өздерінің тәжерибелерімен бөлісті. Биылғы фестивалде ҚазСТА-ның спорттық-көрініс залында күрестің әр түрінен Қазақ спорт және туризм академиясы және Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінен келген 100-ден аса студенттер еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, белбеу күресі, самбо және қазақ күресінен палуандар өз өнерлерін ортаға салды. Биыл екінші жылы Ұлттық спортымызды ұлықтау мақсатында тоғызқұмалақ ойынын жарыс жоспарына қостық.
Қ.Р.Байдосовтың әріптестері, туған-туысы және Ұлттық спор түрлері және күрес кафедрасы оқушылары «Күрес түрлерінен фестивалді» жоғары дәрежеде өтуге бар ынтасын салды. Көрермендер мен қатысушылар өткен күндерді еске ала отырып, палуандар шеберлігін тамашалап, қолдау көрсетті.