Без рубрики

Волейболдан студенттер спорт лигасының жеңімпаздары Республикалық финалдық кезеңге жолдама алды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен өткен волейболдан студенттер спорт лигасы өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты бәсеке қызықты сәттерге толы болды. Бағы мен бабы келіскен спортшылар үздік шықты. Ерлер арасында өткен сайыс бүгін аяқталды. Жарысқа қатысқан барлық студент-спортшылар оңай шағылар жаңғақ болмады. Дегенмен бәсекенің аты – бәсеке. Қарсылас шақ келтірмеген Қазақ спорт және туризм академиясының волейболшы жігіттері топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің намысын қорғаған студенттер екінші орыннан көрінді. Аталмыш оқу орынның спортшыларының кәсіби дайындықтарына жоғары баға беруге болады. Үздік үштікті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студент-спортшылары қорытындылады.
Ал қыздарымыз арасындағы волейбол додасы кеше аяқталды.
Жарыс барысында ерекше көзге түсіп, тамаша ойын көрсеткен волейболшы-студенттеріміз арнайы номинацияларымен марапатталды.
Қыздар арасында тартыста:
1. Толғанай Исмаил – «Үздік қорғаушы» – ҚазҰҚПУ
2. Жанат Әділбек – «Үздік тосқауыл қоюшы» – СДУ
3. Алуа Лесбек – «Үздік үйлестіруші» – ҚазҰПУ
4. Жібек Ахметқали – «Үздік шабуылшы» – ҚазҰМУ
5. Мадина Орынбек – «Үздік ойыншы» – ҚазСТА
Ал ерлер арасында :
1. Ислам Ахметов – «Үздік қорғаушы» – ҚазҰПУ
2. Ертас Нұрболат – «Үздік тосқауыл қоюшы» – ҚазҰУ
3. Ибрахим Мырзағалиев – «Үздік үйлестіруші» – ҚазБСҚА
4. Дмитрий Артемьев – «Үздік шабуылшы» – ҚазҰТЗУ
5. Алинұр Нұрлан – «Үздік ойыншы» – ҚазСТА
Студенттер спорт лигасының жеңімпаздары енді Түркістан қаласында өтетін Республикалық финалдық кезеңінде кездесіп, чемпиондыққа таласады.
Алматы қаласының оңтүстік-шығыс дивизионында орналасқан ЖОО қатысқан барлық волейболшы-студенттерімізге алғыс айтамыз.
fc3641db-97c9-4017-98f9-420a5653c1e1 339912361_892179655410499_4172627686991898461_n 339908767_1451545198983854_2354532354771755655_n 339847926_2538967906262095_7872930590745616615_n 339570122_774004200806666_2254155989525468491_n 339541288_513741474095180_1343975443753989325_n 339487317_664968138723443_7024019506197221886_n 339471038_987267069323761_2269111235785894491_n 339309577_6062120893868316_5029667944510992022_nfc3641db-97c9-4017-98f9-420a5653c1e1

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close