Без рубрики
«Мемлекеттік тіл – Жаңа Қазақстанның қазынасы»
Академиямызда оқитын өзге ұлт студенттері әдемі кешті тек қазақ тілінде жүргізді. Қазақ ақындарының поэзияларын оқып, жырдан шашу шашты. Әсіресе, «Тұсау кесер», «Сырға салу», «Көрісу» сияқты қазақтың дәстүрінен тамаша өнер көрсетті.
Тілдің майын тамызып қазақша сөйлеген студенттердің барлық өнеріне жоғары баға берілді. Белсене қатысқан әр студентке өз атымыздан алғыс білдереміз. Өзара сайысқа түскен үш команданың арасында «Жалын» тобы шынымен жалындап, суырылып алға шығып, жеңімпаз атанды. Ал «Достық» командасы екінші орыннан көрінсе, «Болашақ» командасы үздік үштікті қорытындылады.