Без рубрики

Қазақ спорт және туризм академиясында кезекті «Академия Кубогы» Жайдарман ойыны өтті

11 команда қатысқан көңілді тапқырлар кеші қызыққа толы болды. Алматының басқа да ЖОО студенттері академиямызға қонақ болып, әзіл кешінен мәз болып тарқасты. Айта кетейік, бұл ойында қазылар алқасынан көрінген @jaidarman_almaty директоры Оңдасын Құлымбетов академиямызда КВН мектебі жақсы қалыптасқан деп баға берді. ҚазСТА жастарынан құралған «Спорт және махаббат» командасы жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды «Атузяки» деген атаумен өнер көрсеткен АТУ командасы иеленді. Сәтпаев университетінің «Атлант SU» командасы үздік үштікті қорытындылады.
Ойын нәтижесінде қыздар арасында«Қыздар-Ай» АУЭС командасының мүшесі “үздік ойыншы” атанса, ал ұлдар арасында “Үздік ойыншы” атағы «Атлант SU», Satbayev university командасының үздігі Жігерге бұйырды. Ал, «Үздік команда» «Созақбай» командасы атанды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Ал осындай қызыққа толы әзіл кештері жалғасын таба берсін дейміз!
332896212_3309434495977818_6794445290588795448_n 332947740_1242201046388005_1489094275592098557_n 333208843_1036482917756079_1074082173357171539_n 333228815_551707846937683_3411680701490747070_n 333230777_5957733614272740_5646577874504367612_n 333279725_861395598275737_7756010451018983251_n 333323207_1682102685582246_4859718260012345501_n 333335198_706167364567018_8494910989532725938_n 333435811_1573793543099963_8643095408447861641_n
Close