Без рубрики
АҚШ-қа жұмыс сапары аясында ҚазСТА Президенті Қайрат Закирьянов ХХХI Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
АҚШ-қа жұмыс сапары аясында ҚазСТА Президенті Қайрат Закирьянов ХХХI Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Әлемнің 50 елінен студенттер қатысып жатқан спорттық жарыс АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтуде.
Бүгін қысқы Универсиададағы алғашқы ойынды Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы ойнады. Оңтүстік Корея құрамасына қарсы бастапқы матчта біздің хоккейшілер 5:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының құрамында Алдияр Нұрлан, Максим Мусоров, Кирилл Полохов және Максим Мұхаметов шайба салды. Хоккей құрамасы Қазақ спорт және туризм академиясының студенттерінен тұрады. Қазақстандықтар В тобында өнер көрсетеді, онда Ұлыбритания, Мажарстан, Словакия және АҚШ командаларына қарсы ойнайды.
Студенттердің ақ аламаны қысқы спорттың 12 түрінен өтеді. Бүгін жалауы желбіреген мұхиттың ар жағындағы дүбірлі додада Қазақстанның намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттер биатлон, сноуборд, шаңғы, тау шаңғысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы, коньки, шаңғымен трамплиннен секіру және шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.
Жарыс жолына шығатын 78 спортшының 60%-ы Қазақ спорт және туризм академиясының үміт күтіп отырған спортшылары.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Жеңістеріміз көп болсын!