Без рубрики

Академия студенттері грэпплинг спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионатында алтыннан алқа тақты!

Орал қаласында грэпплинг спорт түрінен ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Атаулы жарыста академия студенттері де бой көрсетті. 62 келі салмақта 2 курс студенті Жасұлан Жетпісбай және 58 келі салмақта 1 курс студенті Нұрайым Мұңайтбас алтыннан алқа тақты.
Грэпплинг – қару-жарақсыз қарсыластың физикалық жағдайы мен салмақ санатына қарамастан күресудің ең ұтымды әдісі. Бұл күрестің түрі самбо, дзюдо, еркін күрес және бразилиялық джиу-джитсу негізінде жасалған. Грэпплингтің техникалық арсеналы кең. Жамбасқа лақтырулар, иық пен білектегі ауырту және тұншықтыру сияқты әдістерді қолдануға болады. Тек саусақпен көзін басу және саусақтарын ауырту әдісіне алуға тыйым салынады. Республикалық чемпионатқа еліміздің барлық аймақтарынан 400-ге жуық грэпплинг спортының шеберлері қатысты.
 317998555_845608346558196_8598408295990945968_n 318321659_845608366558194_73819281083901193_n

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close