Без рубрики
2022 жылдың 5-қарашасында Академияның конференц-залында 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсының жеңімпаз жобасы аясында алғашқы отырыс өтті.
2022 жылдың 5-қарашасында Академияның конференц-залында 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсының жеңімпаз жобасы: ЖТН AP14871202 «Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы» аясында алғашқы отырыс өтті. Аталған жоба жетекшісі PhD докторы Дошыбеков Айдын Багдатович, зерттеу тобы мүшелері: PhD докторы Кулбаев Айбол Тиналович, п.ғ.д., профессор Абсатова Марфуга Абсатовна, магистр., докторант Копжанов Галымжан Балыкбаевич. Кездесу барысында жоба бойынша өзекті мәселелер талқыланып, топ мүшелеріне тапсырмалар берілді.
Алдағы 3 жылда Қазақ спорт және туризм академиясының ғалымдары жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасын әзірлеумен және эксперименттік сынақтан өткізумен айналысатын болады. Жоба шеңберінде мектеп пен ЖОО үшін ғылыми-қолданбалы бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы әзірленеді және спорттың әртүрлі түрлері бойынша іріктелген балалардың дене дамуының, дене дайындығының, денсаулығының мониторингі жүргізіледі.